09:21, 20 Сәуір 2025 | GMT +5
Қытайда батпырауық ұшырудан 21-ші әлем чемпионаты өтіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Әртүрлі пішіндегі батпырауықтар көкке қалықтап, керемет көрініс сыйлады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Жұма күні Шаньдун провинциясындағы Вэйфан қаласында өткен 42-ші Вэйфан халықаралық батпырауық фестивалі аясында 21-ші Әлемдік батпырауық ұшыру чемпионаты басталды.

Бұл жарысқа 51 ел мен аймақтан келген 257 команда мен 1971 батпырауық қатысты.


Айта кетелік Бейжіңде роботтардың марафоны өтіп жатқаны туралы жазған едік. Сонымен қатар қазақ әні Қытайда трендке айналған еді.