Қытайда бір күнде екі рет жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM — 18 қыркүйекте Қытай аумағында бір күн ішінде екінші рет магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazinform Қазақстанның Ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 18 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 19:32–де (Гринвич уақытымен 14:32–де) Қытай аумағында жер сілкінісі болған.
Жер сілкінісінің эпицентрі 41,31 градус солтүстік ендік пен 83,22 градус шығыс бойлықта орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы — mb=4,3, энергетикалық класы — K=10,6. Ошақтың тереңдігі — 27 шақырым.
Бұған дейін Қытайдың солтүстік-батысында магнитудасы 5,1 жер сілкінісі болғанын жазған едік.