Қытайда есектің сүті мен терісі неліктен тиімді бизнеске айналды

ҮРІМЖІ. KAZINFORM — Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына бірнеше саланы меңгерген қытайлық бірегей ферма бар. Тудунцзы фермасында мақта өсіру, егін шаруашылығы мен көкөніс егістіктерінен бөлек, алып қара есектің түрін өсіру қарқын алып келеді.

Қытайда есектің сүті мен терісі неліктен тиімді бизнеске айналды
Фото: Руслан Ғаббасов/Kazinform

- Есекті күтіп-бағу қиын емес. Оның терісінен дәстүрлі қытай дәрі-дәрмегін өндіруге қажет өнім алуға болады және қазір нарықта осы препараттарға жоғары сұраныс бар. Сонымен қатар, есектің сүтін түрлі ауруға шипа ретінде өндіреміз. Суық тиіп ауырғандарға таратамыз, сондай-ақ қатерлі ісікті алуға жасалған операциядан кейін науқастарға беріледі, - дейді ферма өкілдері.

Бұл ұжым он жылдан астам уақыт есек өсіру шаруашылығымен айналысып отыр. Қазір ферма сүтті құрғақ ұнтақ күйінде де сатылымға шығарып жатыр.

Қытай фермерлерінің айтуынша, жылқы өсіру үшін аумағы үлкен жайылымдар қажет. Бұл тұрғыда есек шаруашылығы қытай фермерлері үшін тиімді бизнеске айналып келеді.

Жалпы, Тудунцзы мемлекеттік ауыл шаруашылығы фермасы 1955 жылы құрылған. Әкімшілік жағынан Фукан қаласына қарайды. Шаруашылықтың қарамағында суы мен жер қоры мол. Мұндағы негізгі дақылдар – бидай, жүгері, мақта, қант қызылшасы, қарбыз.

Айта кетейік, Қазақстанда 1 айдың ішінде 307 қытайлық компания тіркелген.

Соңғы жаңалықтар