Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытайда көшкін астынан тоғыз адам құтқарылды

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин өңірінде болған көшкіннен кейін үйінді астынан тоғыз адам құтқарылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Анадолы.

Девять человек спасли после схода оползня на юго-западе Китая
Фото: Anadolu

CGTN телеарнасының хабарлауынша, көшкін болғанын жергілікті билік те растады.

Құтқарушылар үйінді астынан тоғыз адамды алып шықты. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ табиғи апат салдарынан тұрғын үйлерге зақым келгені хабарланды.

Бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс ауылында «Ақсай карьері» ЖШС аумағында Ақсай өзенінің жағасы шайылып, карьердің солтүстік-батыс бөлігінде топырақ опырылғаны хабарланған болатын.