Қытайда магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Қазақстан ұлттық деректер орталығы.
Жедел мәліметке сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылғы 5 тамызда Астана уақытымен сағат 03:43-те (4 тамызда Гринвич уақыты бойынша 22:43) Қытай аумағында болған.
Жер сілкінісінің эпицентрі 41,19 градус солтүстік ендік пен 78,47 градус шығыс бойлықта орналасқан. Магнитудасы – mb=4,1, энергетикалық класы – K=9,4.
Айта кетейік, бұған дейін Әзербайжанда магнитудасы 3,2 болатын, Мысырдың солтүстігінде және Жаңа Зеландия жағалауында магнитудасы 5,6 болатын жер сілкіністері тіркелген.