Қытайда сирек кездесетін жабайы жануарлар популяциясы қалпына келтіріліп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайда сирек кездесетін жабайы жануарлардың саны тұрақты түрде қалпына келтіріліп жатыр. Қазіргі таңда 200-ден астам жойылып бара жатқан жануар популяциясы қалпына келу фазасына өтті, ал 100-ден астам жойылу қаупі бар өсімдік түрлері шұғыл қорғауға алынды, деп хабарлайды БелТА.
Қытайдың Орман және дала шаруашылығы мемлекеттік басқармасы 25-ші Халықаралық биологиялық әртүрлілік күніне орай, қалпына келу және өсу үрдісін көрсететін сирек және жойылып бара жатқан түрлерді атап өтті.
2025 жылы Хайнань гиббондарынан үш жаңа туған нәресте тіркеліп, бұл түрдің жалпы саны 44 данаға жетіп, жеті топқа бөлінді.
— Бұл әлемдегі бірден-бір гиббон популяциясы, ол үздіксіз өсіп отыр, — делінген хабарламада.
Солтүстік-Шығыс Қытайдағы Жолбарыс және барыс ұлттық паркінде фототұзақ алғаш рет 5 кішкентай жолбарысқа күтім жасап жатқан жабайы амур жолбарысын тіркеді. Бұл түрдің көбеюі бойынша жаңа ұлттық рекорд болып саналады.
Басқарманың мәліметінше, Хэлань тауларында жабайы табиғатқа қайта жіберілген екі қар барысы жұптасып, төлін табиғи ортада өсірді.
1963 жылы табылған Abies beshanzuensis қарағайының саны қазір 3 экземплярдан 4 мыңнан астам өсімдікке дейін өсті.
Орхидея тұқымдас Paphiopedilum spicerianum өсімдігінің саны 2003 жылы Юньнань провинциясы Пуэр қаласынан табылған 10 экземплярдан 200-ден астамға жетті.
Басқарма сондай-ақ Қытайдағы құстарды қорғау бойынша елдің күш-жігері мен жетістіктерін ерекше атап көрсетті.
Мәлімет бойынша Қытайдағы құстардың 94,5%-ы ұлттық маңызды қорғалатын түрлер тізіміне және «Экологиялық, ғылыми және әлеуметтік маңызды жабайы жер жануарлары» тізіміне енгізілген.
Сондай-ақ, құстардың миграциялық жолдары бойындағы 1 140 маңызды мекендер анықталып, 821 негізгі аймақ кешенді қорғау мен қалпына келтіру үшін таңдалды.
Елде соңғы 6 жыл бойы браконьерлік пен заңсыз аңшылыққа қарсы арнайы науқандар ұйымдастырлып отыр. Үкімет құстар ресурстарына зиян келтіретін әрекеттерге қатаң шаралар қолданады.
Осы күш-жігердің арқасында мемлекет қорғауында тұрған құстардың жалпы саны тұрақты болып ғана қоймай, көбейіп келеді.
Айта кетейік, Еуроодақтың барлық елінде үй жануарларын ұстау, өсіру және сату бойынша бірыңғай ережелер енгізіледі.