Қытайда зауыттағы жарылыстан қаза тапқандар саны 37 адамға жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Жұма күні Қытай билігі Хунань провинциясында пиротехника фабрикасындағы ірі жарылыстан қаза тапқандар саны туралы ақпаратты жаңартты. Соңғы мәлімет бойынша, қаза тапқандар саны 37 адамға жетті, тағы бір адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды Xinhua.
Нақтыланғандай, қайғылы оқиға салдарынан 51 адам жарақат алды.
Зардап шеккендер дәрігерлер бақылауында, олардың бесеуінің жағдайы ауыр, алайда дәрігерлер оларға барынша көмек көрсетіп жатыр.
Қазіргі кезде оқиға орнында жүргізіліп жатқан іздеу-құтқару жұмыстары аяқталуға жақын.
Тергеу аясында полиция 8 адамды жауап алуға шақырды. Олардың немқұрайдылығынан қайғылы оқиға орын алған болуы мүмкін.
Бұған дейін Үндістанда фейерверк фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапқанын жаздық.