Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытайда жарық шығаратын өсімдіктер өсіріліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Бейжіңде биыл күзде аумағы 7 мың шаршы метр болатын ерекше жылыжай ашылады. Мұнда келушілер қараңғыда жарық шығаратын өсімдіктерді көре алады. Жылыжайда жарқыраған дәмхана мен биолюминесцентті өсімдіктерден жасалған жарық дәлізі болады, деп хабарлады БелТА.

Қытайда жарық шығаратын өсімдіктер өсіріліп жатыр
Фото: Синьхуа

Қытайдың Magicpen Biotechnology компаниясы осындай өсімдіктердің 10-нан астам түрін өндірді. Олардың қатарында петуния, темекі және терек бар.

Қазіргі буын өсімдіктері толық ай кезінде әлсіз жасыл жарық шығарады. Бұл жарық айсыз немесе бұлтты түндерде анық байқалады. Ал үшінші буында жасанды интеллект люминесценция механизмін оңтайландырып, ай сәулесі әлсіз болған кезде де өсімдіктердің тұрақты жарық шығаруын қамтамасыз етеді.

Ғалымдар жасанды интеллект көмегімен олардың жарығын күшейтіп, түрлі түсті, сондай-ақ суық пен құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер жасау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Әзірлеушілердің айтуынша, бұл өсімдіктер қоршаған ортаға қауіпсіз. Люминесцентті гендер тұқым мен тозаң арқылы таралмайды, ал жылыжайлар жәндіктерден қорғалған.

Болашақта ғалымдар жарық шығаратын өсімдіктерді саябақтар мен жолдарды түнде жарықтандыру үшін пайдалануды жоспарлап отыр. Бұл электр энергиясының шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Қытайда құрамында германий мөлшері жоғары жаңа минерал табылды.