Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытайда жасанды интеллект индустриясының көлемі бір жылда 40%-ға өсті

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайда жасанды интеллект индустриясының көлемі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 1,2 трлн юаньға (176,7 млрд доллардан астам) жетіп, бір жыл ішінде 40%-ға өсті, деп хабарлайды Xinhua

Қытайда жасанды интеллект индустриясының көлемі бір жылда 40%-ға өсті
Фото: Xinhua

Қытайдың Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар академиясы мен Өнеркәсіп және ақпараттандыру министрлігі жанындағы ғылыми-зерттеу институтының деректеріне сәйкес, нарықтың 55%-ын қолданбалы шешімдер, 38%-ын базалық және есептеу инфрақұрылымы, ал 7%-ын модельдер мен платформалар сегменті құрады.

Жасанды интеллект индустриясының жалпы көлемінің 80%-дан астамы Бейжің, Шанхай қалаларында және Гуандун, Чжэцзян, Шаньдун провинцияларында шоғырланған.

2026 жылғы маусымдағы мәлімет бойынша, Қытайда 6,6 мыңнан астам жасанды интеллект компаниясы жұмыс істейді.

Бұл әлемдегі осындай компаниялардың шамамен 15%-ына тең. Елде есептеу инфрақұрылымынан бастап модельдер, платформалар және салалық қолданбаларды қамтитын толыққанды ЖИ экожүйесі қалыптасқан. 

Айта кетелік Қытай эмоционалды тәуелділік қаупіне байланысты ЖИ серіктестерін шектейді