Қытайда жоғары лауазымды әскерилер арасындағы сыбайлас жемқорлық тергеліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – ҚХР билігі екі жоғары лауазымды әскери басшыға қатысты тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды ҚХР Қорғаныс министрлігі.

Расследование в отношении высшего военного руководства начато в Китае
Фото: ҚХР Қорғаныс министрлігі

Күдіктілер – ҚКП Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі және Орталық әскери кеңес (ОӘК) төрағасының орынбасары Чжан Юся және ОӘК Біріккен штабының бастығы Лю Чжэнли.

Тергеудің ресми себебі ретінде «партиялық тәртіп пен заңды ауыр жағдайда бұзғаны» аталды. Қытайдың саяси тәжірибесінде бұл термин дәстүрлі түрде сыбайлас жемқорлыққа күдік тудырады. Тергеуді бастау туралы шешімді тікелей Қытай Компартиясының Орталық комитеті қабылдады.

Қытайдың Халық-азаттық армиясының басылымы «Цзефанцзюнь бао» Бейжіңнің «қарулы күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы соғысты» аяқтауға бел байлағанын растайтын редакциялық мақала жариялады.

Басылымда іс бойынша айыпталушылардың әрекеттері ОӘК төрағасының жауапкершілік жүйесін бұзғаны, армия басшылығының идеологиялық және саяси бірлігі мен беделіне нұқсан келтіргені және әскерлердің жауынгерлік даярлығы мен «саяси экологиясына» кері әсер еткені атап өтілген.

Бұған дейін Қытайда ірі компанияның бұрынғы басшысы өлім жазасына кесілгенін жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар