Қытайдағы көпқабатты үйдегі өрт: 3 адам қаза тауып, 23 адам зардап шекті
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың солтүстігіндегі көпқабатты ғимараттағы өрттен қаза тапқандар саны үш адамға жетті, деп хабарлайды Синьхуа.
Сенбі күні кешке Қытайдың Шаньси провинциясына қарасты Тайюань қаласындағы көпқабатты ғимаратта болған өрт салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 23 адам зардап шекті. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.
Тайюань қаласы әкімдігі деректеріне сәйкес, өрт жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 20:00–де Сяодянь ауданында тұтанған.
Сяодянь аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімі мәлім еткендей, зардап шеккендердің ішінде тоғыз адам ауыр жарақат алған.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Сонымен қатар, оның салдарын жою жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін Қытай Филиппиннен арандатушылық пен жалған ақпаратты дереу тоқтатуды талап еткенін жазған едік.