Қытайдағы орташа болжамды өмір ұзақтығы 79 жылға жетті
АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қытайдағы орташа болжамды өмір ұзақтығы 79 жылға жеткен, деп хабарлайды Синьхуа.
Бұл туралы бейсенбі күні ҚХР Денсаулық сақтау істері мемлекеттік комитетінің төрағасы Лэй Хайчао Қытайдың 14-ші бесжылдығы (2021-2025 жылдар) аясындағы денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері туралы өткізілген баспасөз конференциясында хабарлады.
Лэй Хайчаоның айтуынша, бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 1,1 жылға өсті және бұл дамушы ел үшін үлкен жетістік деп саналады.
Сонымен қатар, ол Қытайдың 8 облыстық деңгейдегі әкімшілік бірлігінде орташа болжамды өмір ұзақтығы 80 жылдан асты деп атап өтті.
Лэй Хайчао соңғы бес жыл ішінде елдегі нәресте және ана өлім-жітім көрсеткіштері төмендегенін, ал халықтың жалпы денсаулығы жақсарғанын жеткізді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қытайда 1 қыркүйектен бастап жеке зейнетақы шоттарынан қаражатты мерзімінен бұрын алу негіздерінің тізімін кеңейтетін жаңа ережелер күшіне енеді.