Қытайдағы шахтадағы жарылыс: екі лауазымды тұлғаға қатысты тергеу басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында шахталардағы қауіпсіздікті қадағалауға жауапты екі лауазымды тұлға көмір шахтасындағы газ жарылысына байланысты заңды өрескел бұзды деген күдікпен тергеуге алынды, деп хабарлайды Синьхуа.

Қытайда шахтадағы жарылыстан кейін екі лауазымды тұлғаға қатысты тергеу басталды
Фото: Bai Zhibin / XinHua / Global Look Press

Жергілікті биліктің хабарлауынша, Шаньси провинциясының қадағалау комитеті ҚХР Шахталардағы өндірістік қауіпсіздікті бақылау жөніндегі мемлекеттік басқармасының Шаньси бюросының қызметкерлері Ху Хуэйсун мен Юй Чжанцинге қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Еске салсақ, 2026 жылғы 22 мамырда Шаньси провинциясының Чанчжи қаласына қарасты Циньюань уезіндегі «Люшэньюй» көмір шахтасында газ жарылысы болып, салдарынан көптеген адам қаза тапқан еді.

Айта кетелік Си Цзиньпин Қытайдың солтүстігіндегі көмір шахтасында болған апатқа дереу шара қабылдауды тапсырған еді.

Қытай билігі Шаньсидегі шахта жарылысына қатысты қатаң тергеу жүргізетінін мәлімдеді