Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытайдың электр көліктері экспорты 120%-ға артты

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдан жаңа энергетикалық көліктердің (NEV) экспорты 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жылдық есеппен 120%-ға өсіп, 2,355 млн-ға жетті, деп хабарлайды Xinhua

Қытайдың электр көліктері экспорты 120%-ға артты
Фото: Берик Табынбаев/Kazinform

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдың NEV экспорты 103,7%-ға артып, 2,615 млн автокөлік болды. Бұл көрсеткіш елдің жалпы экспорттық жеткізілімдерінің өсуіне негізгі серпін берді.

Қытайлық автокөлік өндірушілері экспорт көлемін ұлғайтып, нарықтағы географиясын кеңейтуді жалғастыруды жоспарлап отыр.

GAC Group концерні 2026 жылдың алғашқы алты айында өз брендімен шығарылған 121,5 мың автокөлікті экспорттап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткішін 132%-ға арттырды. Компания 2026 жылдың соңына дейін экспорт көлемін 250 мың көлікке, ал 2030 жылға қарай 1 млн көлікке жеткізуді және 120 елде жұмыс істеуді мақсат етіп отыр.

XPENG Motors компаниясы 2025 жылдың қорытындысында экспорт көлемін 96%-ға ұлғайтып, шетелге 45 мыңнан астам автокөлік жеткізді.

Оның жартысына жуығы Еуропа нарығына жөнелтілген. Ал 2026 жылдың наурызында компания 2028 жылға дейін Латын Америкасы нарығына шығуды көздейтін үш жылдық даму жоспарын іске қосты.

Бұған дейін Қытайда алғаш рет жүргізушісіз автокөліктердің қауіпсіздігіне қойылатын міндетті талаптар бекітілгені хабарланған болатын. 

Айта кетелік Қытай елге кіру және шығу тәртібіне жаңа ережелер енгізеді