Қытайдың Гуанчжоу қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының орталығы Гуанчжоу қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ресми түрде ашылды. Бұл туралы Гуанчжоу қалалық сыртқы істер басқармасы хабарлады, деп жазды Синьхуа.

Гуанчжоу қаласы
Фото: Гуанчжоу қаласы, Синьхуа агенттігі

Оның консулдық округі Гуандун, Хунань, Хайнань және Юньнань провинцияларын, сондай-ақ Гуанси-Чжуан автономиялық ауданын қамтиды.

Жаңа мекеменің ашылуымен Гуанчжоудағы шет мемлекеттердің бас консулдықтарының жалпы саны 70-ке жетті.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы жылдары еліміздің Гуанчжоумен сауда-саттық қарым-қатынасы артқан. 2025 жылдың маусым айында Қытайдың жетекші әуе компаниясы China Southern Airlines ресми түрде Гуанчжоу-Алматы тікелей бағытын іске қосты. Қазіргі уақытта рейстердің жиілігі аптасына бастапқы үштен беске дейін өсті.

Еске салайық, былтыр Ош қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ресми түрде ашылды.

Соңғы жаңалықтар