Қытайдың оңтүстігінде Чикунгунья безгегіне қатысты ескерту жүйесі іске қосылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында, атап айтқанда Гуанчжоу қаласында Чикунгунья вирусын жұқтыру қаупі туралы хабар беретін жаңа функция іске қосылды.

Функцию оповещения о вирусе чикунгунья внедрили на юге Китая
Фото: Freepik.com

Бұл жүйе пайдаланушылардың геолокациясы бойынша ескерту жасап, жұқпалы аурудың таралуына байланысты қауіп деңгейін көрсетеді, деп жазды Global Times.

Ресми мәліметтерге сәйкес, соңғы аптада провинция аумағында Чикунгунья безгегімен 2892 жаңа жағдай тіркелген. Ауыр не өлім жағдайлары анықталған жоқ.

Аймақтық инфекциялық ауруларды бақылау орталығының жетекші сарапшысы Кан Миннің айтуынша, провинциядағы эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақталып келеді. Алайда сырттан вирустың әкеліну қаупі және Aedes масаларының белсенділігін арттыратын қолайсыз ауа райы факторлары сақталуда.

Жаңа онлайн-карта қолданушыларға өз аудандарындағы инфекциялық ахуал туралы жедел ақпарат ұсынады және қорғану шаралары бойынша ұсынымдар береді. Карта ауруларды бақылау орталығының ресми сайтында және WeChat платформасындағы ресми парақшада қолжетімді.

Карта екі модульден тұрады: «қала бойынша ахуал» және «мониторинг нүктелеріндегі жағдай». Пайдаланушылар нақты бір аудан бойынша масалардың таралу тығыздығын және вирус қаупін өз орналасқан жері арқылы тексере алады.

Айта кетейік, Қытайлық дәрігерлер қатерлі ісікке қарсы жаңа ем тапты.

Соңғы жаңалықтар