Қытайдың оңтүстігінде көшкін жүріп, үш адам көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында көшкін жүріп, салдарынан үш адам қаза тауып, бір адам із-түссіз жоғалды, деп хабарлайды Синьхуа.

Оползень в Китае, КНР
Фото: Xinhua

Қайғылы оқиға жексенбі күні таңғы сағат 07:00 шамасында Гаочжоу қаласына қарасты Пинтоуган ауылында болған. Табиғи апат салдарынан үш қабатты бір ғимарат қирап, жеті адам үйінді астында қалып қойған.

Құтқару топтары алты адамды таба алды. Алайда, медициналық көмекке қарамастан, олардың үшеуі ауруханада қайтыс болды. Қалған үш адамның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай, Қытайдағы түнгі базарда атыс болып, екі адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар