Қытайдың Сычуань провинциясында магнитудасы 4,7 жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM – 24 тамызда Бейжің уақыты бойынша таңғы сағат 8:26-да Сычуань провинциясының (Қытайдың оңтүстік-батысындағы) Ибинь қаласының Чаннин уезінде магнитудасы 4,7 жер болатын сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.
Қытай сейсмологиялық желілері орталығының (CENC) мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 28,33 градусы және шығыс бойлықтың 104,98 градусында, ал гипоцентрі 5 шақырым тереңдікте орналасқан.
Осыған дейін Жапонияның Хоккайдо префектурасы жағалауында магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісі тіркелгенін хабарладық.