Қытайдың солтүстік-батысында магнитудасы 5,1 жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясында магнитудасы 5,1 жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Xinhua агенттігі Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығына (CENC) сілтеме жасап.

Мексикада 6,0 балдық жер сілкінісі болды
Фото: hurriyet.com.tr

Жерасты дүмпуі 4 қыркүйек күні Бейжің уақыты бойынша сағат 01:04-те Цинхай провинциясының Хайси-Моңғол-Тибет автономиялық округінде болған.

– Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 37,84 градусы мен шығыс бойлықтың 95,59 градусы түйіскен нүктеде орналасқан. Жерасты дүмпуінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болды, – деп мәлімдеді Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығы.

Әзірге зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, Эгей теңізінде магнитудасы 4,1 балдық жер сілкінісі болды.