Қытайдың Юньнань провинциясында егіздер фестивалі өтіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — 1–5 мамыр аралығында Моцзян-Хани автономиялық ауданы аумағында «Шаян тропигі» атты XX халықаралық егіздер фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды Синьхуа.
Аудан Пуэр қаласында орналасқан.
Мерекеге әлемнің 20-дан астам елі мен өңірінен мыңдаған егіздер қатысып жатыр.
Әртүрлі мәдени іс-шаралар әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристердің қызығушылығын тудырды.
Олар «егіздердің отаны» атанып кеткен ауданның ерекше атмосферасын сезінуге келіп жатыр.
Айта кетелік Қазақстанда егіздер саны артып, шала туған сәбилер үлесі азайды.