Қытай–Еуропа пойыздары арқылы 520 млрд долларлық жүк тасымалданды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай–Еуропа жүк пойыздарының жалпы саны 130 мыңнан асты, деп хабарлайды Синьхуа.

Қытай–Еуропа пойыздары арқылы 520 млрд долларлық жүк тасымалданды
Фото: Синьхуа

Сенбі күні Қытайдың орталық бөлігіндегі Хэнань провинциясының Чжэнчжоу қаласынан Германияның Гамбург қаласына жүк пойызы жөнелтілді.

Осылайша, Қытай–Еуропа халықаралық теміржол жүк тасымалы бағыттары іске қосылған сәттен бері аталған қызмет аясында жөнелтілген пойыздардың жалпы саны 130 мыңнан асты.

Қытай–Еуропа пойыздары арқылы 520 млрд долларлық жүк тасымалданды
Фото: Синьхуа

Сонымен қатар, осы пойыздар арқылы тасымалданған жүктің жалпы құны 520 млрд АҚШ долларынан көп болды.

Қазіргі уақытта Қытайда Қытай–Еуропа жүк пойыздары қызметі ашылған қалалар саны 129-ға жетті.

Бұл бағыттар Қытайды Еуропаның 26 еліндегі 235 қала және Азияның 11 еліндегі 100-ден астам қаламен байланыстырады.

Қытай–Еуропа пойыздары арқылы 520 млрд долларлық жүк тасымалданды
Фото: Синьхуа

Осылайша, трансшекаралық жүк тасымалының бұл түрі Азия мен Еуропаның дерлік барлық аумағын қамтып отыр.

Бұған дейін хабарланғандай, Бейжің Вашингтонның Қытай мұнай компанияларына салған санкциясына қарсы шықты.