Қытай әуе компаниялары 700 миллион жолаушы тасымалдап жаңа рекорд орнатты

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайлық әуе компаниялары 2024 жылы 700 миллионнан астам жолаушы тасымалдайды. Бұл туралы caacnews.com агенттігі хабарлады.

Ташкенттен Астанаға ұшқан ұшақ кері қайтуға мәжбүр болды
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Қытайдың азаматтық авиация саласын бақылау деректері бойынша, биылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша қытай әуе компаниялары 700 миллион 480 мыңнан астам жолаушы тасымалдап, ал орташа тәуліктік жолаушы тасымалы 2 миллионнан асып, бір жыл бұрынғыдан 18,1 пайызға артты, 2019 жылмен салыстырғанда 10,7%-ға өсті.

Бұл Қытайдың азаматтық авиациясының даму тарихындағы жаңа рекордты көрсетті.

Статистика көрсеткендей, 2024 жылы Қытайдың ішкі бағыттары шамамен 640 миллион жолаушы тасымалдайды, бұл 2023 жылдан шамамен 13% және 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 14% өсу.

Халықаралық бағыттағы жолаушылар ағыны да айтарлықтай жақсарып келеді. Есепті кезеңде қытайлық әуе компаниялары халықаралық бағыттар бойынша 60 миллионнан астам жолаушы тасымалдады, бұл откен жылмен салыстырғанда 130%-дан астамға артып, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 88%-ға дейін қалпына келген.

Осыған дейін Қытайда транзиттік визасыз жүру мерзімі 10 күнге ұзартылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар