Қытайлық дәрігерлер қатерлі ісікке қарсы жаңа ем тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай ғалымдары қан қатерлі ісігіне қарсы жаңа терапияны сәтті сынақтан өткізді, деп хабарлайды South China Morning Post

Қытайлық дәрігерлер қатерлі ісікке қарсы жаңа ем тапты
Фото: South China Morning Post

Сынаққа қатысқан төрт науқастың да жағдайы жақсара бастаған.

Жаңа әдістің негізі – ағзадағы тек қатерлі ісік клеткаларын іріктеп бұзатын механизмді іске қосатын вирус.

Емдеудің құны шамамен 130 000 доллар, көп ақша, бірақ қолданыстағы емдеу әдістерінен төрт есе арзан.

Қазір қытайлықтар астма мен аутоиммундық ауруларды емдеудің жаңа әдісін қолдануды қарастырып жатыр.

Еске сала кетейік, қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі қашан тіркеуден өтетіні жайлы жазған едік

Елімізде балалар арасындағы қатерлі ісіктерден аман қалу көрсеткіші 70%-дан асады.

Қазақстан Республикасында жыл сайын балалар арасында 800-ден астам онкологиялық және гематологиялық аурулардың алғашқы жағдайы анықталады. Олардың шамамен 600-і қатерлі ісіктерге, соның ішінде гемобластоздарға, ал 200-ге жуығы ауыр сипаттағы қатерсіз гематологиялық патологияларға тиесілі.

Соңғы жаңалықтар