19:41, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Киттердің арғы тектері батпақтарды сүзгілеуден өткізген
АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат - Палеонтологтар қазіргі көк киттердің арғы тектері батпақтарды сүзгіден өткізгенін анықтады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News сайтына сілтеме жасап.
Жүргізілген жұмыстар аясында зерттеушілер Жердегі мұхиттарда шамамен 25 миллион жыл бұрын тіршілік еткен Mammalodon colliveri түрлерін зерттеді. Өмір сүрген кезінде бұл жануарлар үш метрге дейін жеткен. Палеонтологтар зерттеген қаңқалар қазіргі Австралияның аумағынан табылды.
Mammalodon colliveri түрлері өткен ғасырдың 30-шы жылдарында табылған, алайда соңғы уақытқа дейін іс жүзінде зерттелмей келді. Жаңа зерттеулердің аясында ежелгі киттер ұсақ теңіз тіршілік иелерін аулау мақсатында тістерін батпақты шалғындықтарды сүзгілеу үшін пайдаланғаны анықталды.