Қияр, пияз, жылқы еті – Әлеуметтік маңызға ие азық-түліктің қатары кеңейтіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз мәслихатында жылқы еті әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қатарына енуі мүмкін екенін айтты.

Мясо без риска: что происходит на рынках Астаны
Фото: Kazinform

— Әлеуметтің маңызы бар азық-түліктің 19 түрі бар. Жалпы халық жиі пайдаланатын азық-түліктің 29 түрі бар. Ал бүкіл тізім — 160. Оны қалай реттейміз. Реттеудің ешқандай түрі жоқ. Бағасы күрт өсетін қияр, пияз, қарақұмық сияқты өнімдер бар. Олар 19 тауардың ішінде жоқ. Сондықтан мен тапсырма бердім. Қазір дұрыстап талдау жасап, ертең керек болса, осы тізімге 4-5 жаңа түрді енгізу мәселесін пысықтаймыз. Себебі оларды тізімге енгізсек, бағасын қатаң бақылауға мүмкіндік болады. Әрине, оны жан-жақтан қарау керек. Бағаны тұрақтандырамыз деп жүріп өндірушілерге зиян тигізіп алмау маңызды, — деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ, ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне еттің кейбір түрлері де кіруі мүмкін екенін айтты.

— Қияр мен пияздан басқа еттің басқа түрлерін қарап жатырмыз. Жауырын бөлігі дейміз ғой, сол сияқты басқа түрлерін қарап жатырмыз. Жылқы еті де бар. 5-6 түрді дұрыстап қарауды тапсырдым. Ұсыныс енгізеді, — деді вице-премьер.

Осыған дейін Серік Жұманғарин азық-түлік бағасының өсіміне қатысты пікір білдірді.

Соңғы жаңалықтар