«Қиын» жасөспірімдерге Астананың ұстау изоляторлары мен түрмелері көрсетілді

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі күні қаланың ІІД ювенальды полициясында профилактикалық есепте 400-ден астам жасөспірім тұрады.
Бүгін «Жасөспірім - Заң - Қауіпсіздік» акциясы аясында 14 пен 16 жас аралығындағы 100 жасөспірім уақытша ұстау изоляторында, әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнайы қамау орны мен қабылдау-бөлу орындарында болды.
Экскурсия барысында полиция қызметкерлері балаларға Астана қаласы Ішкі істер департаменті арнайы мекемесінің кешені туралы, мұнда қандай қылықтары мен іс-әрекеттері үшін түсетінін әңгімеледі.
Арнайы ұстау орнында әкімшілік қамауға алынған адамдар отырады. «Жасөспірімдер жасалған ұсақ құқық бұзушылықтары үшін де бас бостандығынан айырылуы мүмкін екендіктерін білуі тиісті», - деп санайды ведомстводағылар.
Елорда полициясының бөлімшелеріне жасаған экскурсиядан басқа жасөспірімдер арнайы қызмет орындарының жұмысымен танысты. Балаларға ит үйрету қызметі орталығы үйретілген иттерінің іс-әрекеттері ұнады.