Қиындықтарды ынтымақпен еңсеріп, дамудың жаңа жолына шығуымыз қажет - Елбасы

АТЫРАУ - АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдерімен өткен кеңес барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев күрделі кезеңді тыныштық пен татулық жағдайында өткерудің маңыздылығын атап өтті.

Қиындықтарды ынтымақпен еңсеріп, дамудың жаңа жолына шығуымыз қажет - Елбасы

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Соған орай Қазақстан Президенті қоғамда араздық тудырған адамдар жауапқа тартылатынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы бірлік пен келісімнің маңыздылығын тағы бір рет еске салды.

«Бұдан бұрын айтқанымдай, біз ауызбірлігіміз болмаған кезде ғана әлсіз болдық. Егер біртұтас болатын болсақ, бәрі қолымыздан келеді. Мына қиындықтарды ынтымақпен еңсеріп, дамудың жаңа жолына шығу қажет», - деді Мемлекет басшысы.