Қыз Жібек киген қамзолдың бұдан кейінгі тағдыры белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазір аталған музейдегі барлық жәдігер цифрландырылып жатыр. Бұл жөніндет ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Үкімет кулуарында мәлімдеді.
— «Қыз Жібек» фильмінде киілген қамзол — Қазақстан кинеметографиясы және жалпы қазақ киносының тарихы үшін қасиетті дүние. Қазір бұл мәселеге қатысты тексеріс жүргізіп жатырмыз. Әріптесерім құрметті Меруерт Өтекешовамен сөйлесті, біз келістік. Қыз Жібектің барлық костюмі жинақталған соң, «Қазақфильм» музейіне табысталады. Мұны Меруерт Өтекешованың өзі де ұсынып, қолдап отыр. Алдағы уақытта мұндай жағдайлар қайталанбау үшін «Қазақфильмдегі» барлық киім мен жәдігерді цифрландырып жатырмыз. Олар — қазақстандық киноларда қолданылған құнды мұралар. Енді жәдігерлерді қарап, бақылап отыруға болады, — деді вице-министр.
Сонымен бірге, ол Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақстандық фильмдерде пайдаланылған көптеген реквизитті ұзақ жыл бойы сақтап келе жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін «Қыз Жібек» фильміндегі қамзолдардың бірі музей қорында сақтаулы тұрғанын жазғанбыз.