13:08, 15 Сәуір 2025 | GMT +5
Қызғалдақ жұлғаны үшін миллиондап айыппұл салу әділетті ме – министр жауап берді
АСТАНА. KAZINFORM – Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Түркістан облысында қызғалдақ жұлғаны үшін 11 млн теңгеден астам айыппұл арқалаған әйелдің әрекеті туралы пікір білдірді.

12 тал қызғалдақ жұлғаны үшін 12 млн теңге айыппұл салу тым көп емес пе, — деп сұрады журналист.
Экология министрі заңның дәл осы талабы елге бұрыннан бері жақсы таныс екенін, ал заң баршаға ортақ екенін айтты.
— Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес, 3-7 мың АЕК-ке дейін айыппұл салу қарастырылған. Сондықтан, ол жерде бәрі заңға сәйкес болды, — деді министр.
Еске салсақ, Түркістан облысында қызғалдақ жұлған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалған еді.