Қызылорда қаласының прокуроры тағайындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — ҚР Бас прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Ерлан Алмазұлы Қызылорда қаласының прокуроры қызметіне тағайындалды.
Ол 1984 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласы Алматы ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.
Әр жылдары Алматы ауданы прокурорының аға көмекшісі, бөлім бастығы, Астана қаласы және Павлодар облысы прокуратураларының басқарма прокуроры, Павлодар және Байқоңыр қалалары прокурорының орынбасары, ҚР Бас прокуратурасы департаменті басқармасының аға прокуроры болды.
Сонымен қатар Көкшетау қаласы мен Сырдария ауданының прокуроры, ҚР Бас прокурорының көмекшісі лауазымдарын атқарған.
2024 жылдың сәуір айынан бүгінгі күнге дейін Астана қаласы Байқоңыр ауданының прокуроры қызметін атқарып келді.
Ал бүгіннен бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментін енді Руслан Назаров басқарады.