Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені тұрғындары табиғи газ тұтына бастады

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Бүгін Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданына жұмыс сапары кезінде Ақжарма ауылына газ қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені тұрғындары табиғи газ тұтына бастады
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Салтанатты шарада аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені тұрғындары табиғи газ тұтына бастады
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

— Мемлекет басшысы ауылдарға инфрақұрылым жеткізуге ерекше көңіл бөліп отыр. Бүгін Сіздер көптен күткен, ауыл халқының тұрмыс-тіршілігіне жаңа тыныс беретін табиғи газ қосуға жиналдық. Бұл жобаға бюджеттен 1,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Өткен жылы Нағи Ілиясов, Шаған ауылдарына газ қосылып, ел игілігін көріп жатыр. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Егемен еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! — деді аймақ басшысы. 

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені тұрғындары табиғи газ тұтына бастады
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Рәсімнен кейін аймақ басшысы ауыл тұрғындарының үйлеріне барып, естелік сыйлық табыстады. 

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені тұрғындары табиғи газ тұтына бастады
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Өңірде 2022 жылдан бері 65 млрд. теңгеден астам қаржыға 77 газдандыру жобасы жүзеге асты. Нәтижесінде облыс халқын газдандыру деңгейі 83 пайыз болды. Биыл жыл соңына дейін 10 елді мекенге көгілдір отын қосылып, қамту деңгейі 85 пайызға жеткізіледі. Жақын күндері Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі, Қоғалыкөл және Бесарық ауылдарын газдандыру басталады.

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені тұрғындары табиғи газ тұтына бастады
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Сапар барысында аймақ басшысы Ақжарма, Шаған, Іңкәрдария, Нағи Ілиясов, Шіркейлі ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Онда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтылып, жиналған жұртшылық ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.