Қызылорда және Қарағанды облыстарында күн станциялары мен ЖЭК іске қосылды

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр және Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов Президенттің негізгі тапсырмаларының бірі – жаңа энергетикалық қуат көздерін іске қосу екеніне назар аудартты.

Қытайлық компания Шиеліде күн электр станциясын салып жатыр
Фото: Қызылордa облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Соған байланысты Үкімет 2035 жылға дейін жалпы қуаты шамамен 26 ГВт болатын жаңа энергия көздерін іске қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бүгінгі күні Қазақстанда 233 энергия көзінің 156-сы жаңартылатын қуат көздеріне жатады. Биыл жалпы қуаты 455,5 МВт болатын 9 жаңартылатын энергия нысандарын іске қосу жоспарланған. Жыл басынан бері Қызылорда облысында жиынтық қуаты 40 МВт құрайтын 2 күн станциясы және Қарағанды облысында қуаты 50 МВт болатын жел электр станциясы іске қосылды, - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Айта кетейік, AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдап, Парламентке енгізгенін мәлімдеді.

 

Соңғы жаңалықтар