Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елде бірқатар азық-түлік бағасы арзандады

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы арзандады, деп хабарлайды ұлттық статистика бюросы.

Азық-түлік
Фото: Ұлттық статистика бюросы

Апта ішінде картоптың бағасы - 2,8%, қызанақ - 2,4%, алма - 1,9%, қияр - 1,2%, сәбіз, қаймақ және қара шай – 0,2%, сондай-ақ тауық еті, қатты және жартылай қатты ірімшік, майлылығы 2-3% айран - 0,1% арзандады.

Есепті аптада ұн, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны, жылқы еті, сүйекті сиыр еті, сондай-ақ майлылығы 2,2%-дан 6%-ға дейінгі пастерленген, ультрапастерленген және стерильденген сүт бағасы өзгеріссіз қалды.

Осыған дейін биылғы І тоқсанда қазақстандықтар азық-түліктің қай түрін көп тұтынғаны туралы жаздық.