«Қызылсай» табиғи паркіндегі жабайы жануарлар мен құстардың қыс мезгіліндегі тіршілігі көсетілді

АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстауда «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аңдар мен құстардың қыс мезгіліндегі тіршілігін көрсетті.

«Қызылсай» табиғи паркіндегі жабайы жануарлар мен құстардың қыс мезгіліндегі тіршілігі көсетілді
Фото: «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі»

Парк қызметкерлері қыс мезгілінде жабайы жануарлар мен құстардың жай-күйі туралы ақпаратты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орнатылған фототұзақтар арқылы алады. Фототұзақтар жануарлар мен құстардың қозғалысы мен мінез-құлқын олардың табиғи мекен ету ортасына зиян келтірмей, тәулік бойы тіркеуге мүмкіндік береді.

Қызылсай
Фото: «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі»

Қыс мезгілінде мұндай бақылаулар ерекше маңызды, өйткені олар жануарлар мен құстардың қатал ауа райы жағдайларына бейімделуін, сондай-ақ олардың саны мен белсенділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Алынған бейнежазбалар «Қызылсай» паркінің жануарлар дүниесі тұрақты жағдайда екенін көрсетеді. Суық мезгілде де белсенді тіршілік етіп жүрген сүтқоректілер мен құстардың түр-түрі тіркелген.

Қызылсай
Фото: «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі»

Парк әкімшілігі фототұзақтар арқылы жүргізілетін мониторинг биоалуантүрлілікті қорғаудың және сирек кездесетін жабайы жануарларды сақтау үшін уақтылы шаралар қабылдаудың тиімді құралы екенін айтады. 

Бұған дейін, Атырау мен Маңғыстаудың 1,5 млн халқына жер астынан ауызсу тартатын құбыр салынатыны туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар