Қызылжар әуежайында болашақ ұшқыштар даярлықтан өтеді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM - Петропавлдағы әуежай базасында Азаматтық авиация академиясы курсанттарының ұшу даярлығының тәжірибелік бөлігі өтетін болады.

Қызылжар әуежайында болашақ ұшқыштар даярлықтан өтеді
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Жоба болашақ авиация мамандарының кәсіби даярлығын жетілдіруге мүмкіндік береді.

«Қызылжар» халықаралық әуежайына Азаматтық авиация академиясының Diamond DA40 ұшағы келді. Бұл ұшқыштарды бастапқы даярлауға арналған бір моторлы, төрт орындық заманауи жаттығу ұшағы.

Қызылжар әуежайында болашақ ұшқыштар даярлықтан өтеді
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Енді курсанттар аэродром базасында белгіленген бағыттар бойынша ұшу жаттығуларын орындап, пилотаж элементтерін пысықтайды. Сондай-ақ көзбен бағдарлау және аспаптар арқылы қонуға кіру тәсілдерін меңгеріп, түнгі ұшуларды орындайды.

- Бұл - біз үшін маңызды кезең. Өйткені «Қызылжар» аэродромы Қазақстанның азаматтық авиациясы үшін болашақ ұшқыштарды практикалық даярлаудың толыққанды оқу-жаттығу алаңына айналып келеді, - деді «Қызылжар» халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі директор орынбасары Анар Зейнил.

Қызылжар әуежайында болашақ ұшқыштар даярлықтан өтеді
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Алдағы уақытта Азаматтық авиация академиясын Петропавл қаласына көшіру мәселесі де қарастырылып жатыр.

- Облыс әкімінің және Азаматтық авиация академиясының басшылығы бірлесіп, ауқымды жұмыс атқарды. Алдағы уақытта Академия Петропавлға қоныс аудару туралы шешім қабылдайды деп үміттенеміз. Бұл өз кезегінде қалада авиация бағыты бойынша мамандар даярлайтын толыққанды жоғары оқу орнының ашылуына мүмкіндік береді.

Қызылжар әуежайында болашақ ұшқыштар даярлықтан өтеді
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Әрине, бұл үшін саяси шешім қажет. Қазіргі таңда осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз, - деді СҚО әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов.

Бұған дейін Астанада орман өрттерінің салдарын жоюға қатысқан әскери ұшқыштар марапатталғанын жазған едік.

Қызылжар әуежайында болашақ ұшқыштар даярлықтан өтеді
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы