ҚҚА зейнетақы жүйесін мен құнды қағаздар нарығын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова «Жинақтаушы зейнетақы жүйесін және құнды қағаздар нарығын дамыту бойынша «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру іс-шараларының жоспарымен таныстырды.

ҚҚА зейнетақы жүйесін мен құнды қағаздар нарығын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі

Оның атап өтуінше, жоба жинақтаушы зейнетақы қорында қордаланған проблемаларды шешуге негізделген. Ұсынылып отырған кешенді шаралар зейнетақылық активтерді тиімді инвестициялауды қамтамасыз етуге әрі инвесторлар мен эмитенттердің құнды қағаздардың ұйымдастырылған нарығына, сондай-ақ осы нарықта оларды белсенді сатуға бағытталған.

«Іс-шара жоспары бірқатар негізгі аспектілерді қарастырады. Біріншісі жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеуді жетілдіруге қатысты. Аталған шара аясында 4 бағыт ұсынылады», - деп атап өткен Агенттік басшысы аталған бағыттарға кеңінен тоқталып өтті.

Оның айтуынша, бірінші бағыт - зейнеткерлік активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары мен ұйымдардың меншікті капиталына қатысты талаптарды түзету бөлігінде өзіндік реттеуді жетілдіруді қарастырады. Екінші бағыт бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу әдістерін жетілдіру көзделген. Ал үшінші бағытта - отбасылық аннуитеттер жүйесін енгізу басымдығы беріледі. Ал соңғы бағытта әскери қызметкер мен зиянды және қауіпті жағдайда жұмыс істейтіндер үшін зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіру қарастырылады.