09:55, 20 Сәуір 2014 | GMT +5
ККМ: Атырауда темір жолдан шығып кеткен вагондар Қытайда шығарылған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Сағыз-Мақат» учаскесінде апатқа ұшыраған вагондар Қытайда шығарылған болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Көлік және коммуникация министрлігі Көлікті бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев айты.
«Вагондар жаңа, 2006-2007 жылдары шығарылған вагондар. Алғашқы мәліметтер бойынша, олар Қытайда шығарылды деген болжам бар», - деп атап өтті ол.
Ә. Асаубаевтың мәліметінше, жалпы темір жолдың да, вагондардың да сапасы жақсы болған. Сондықтан, апаттың себебін нақ басып айту қиын. Зерттеу жұмыстары жүргізілуде.