Классик жазушы М.Шолоховтың туған жерімен байланыс үзілмек емес

ОРАЛ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Классик жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты Михаил Шолоховтың туған жерімен байланыс үзілмек емес.
None
None

Бұл туралы Зеленов ауданы Дариян ауылындағы М.Шолохов мемориалдық мұражайының директоры Ольга Чеканова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, ұлы жазушы Ұлы Отан соғысы жылдарында Дариян ауылында, қазір мұражай орналасқан үйде отбасымен тұрғаны белгілі. М.Шолохов одан кейін де Ақ Жайық өңірімен достық қарым-қатынасын үзген жоқ. Осы дәстүрді оның ұрпақтары мен батысқазақстандықтар жалғастырып келеді. Дариянда мұражай қастерлі орынға айналса, Орал қаласында М.Шолоховтың мүсіні орнатылған.

Батыс Қазақстан облысы делегациясы жыл сайын Дондағы Ростовтағы Вешенская станицасында өтетін «Шолохов көктемі» халықаралық фестиваліне қатысып келеді. Биыл онда жазушының 105 жылдығы мен оның ұлы Михаил Шолоховтың 75 жасы аталып өтілді.

Жазушы досы, Орал қаласында тұратын соғыс және еңбек ардагері, биыл Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай Мәскеудегі мерекелік шараларға қатысқан Бисен Жұмағалиев Михаил Шолохов туралы айтудан жалыққан емес. Арнайы кітап та жазды. Вешенская станицасы майдангерді құрмет тұтады. Биыл Б.Жұмағалиев құрметіне кубок белгіленіп, ол жыл сайын Вешенскаяда өтетін «Шолохов бастауы» халықаралық балалар-жасөспірімдер экологиялық қозғалысы слетінде табыс етілетін болады. Дарияндық оқушылар бұл слетке 2005 жылдан бері қатысып келеді. Биыл енді олар аталмыш кубокті иеленуге күш салмақ.

Соңғы жаңалықтар