Климат белсенділері Стоунхендж тарихи ескерткішін қорлады

ЛОНДОН. KAZINFORM - «Мұнайды тоқтатыңыз» (Just Stop Oil) климаттық қозғалысының белсенділері жазғы күн тоқырауы күні қарсаңында әйгілі тарихи ескерткіш Стоунхенджге қызғылт сары бояу шашты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Тұманды Альбиондағы тілшісі. 

климат
Фото: Just Stop Oil

Белсенділер осылайша Ұлыбритания үкіметін 2030 жылға қарай қазба отынын өндіруді тоқтатуға шақырып отыр.

Тарихи ескерткіш Уилтшир графтығындағы Солсбери қаласы маңында орналасқан. Ұлыбритания Премьер-министрі Риши Сунак бұл әрекетті «жаға ұстатарлық вандализм» деп айыптады. Ескерткішті қорғаумен айналысатын English Heritage ұйымы шараны «өте өкінішті жағдай» деп атады. Ал Уилтшир полициясы мәдени мұраға зиян келтірді деген күдікпен екі адамды тұтқындады. 

климат
Фото: Just Stop Oil

Климат белеснділерінің әрекетіне қарамастан, Стоунхендж жабылмайды, көпшілікке қызмет ете береді. Ал кураторлар келтірілген зиянды есептейді. Just Stop Oil жүгері ұнынан жасалған бояудың жаңбырмен жуылып кететінін айтып ақталды. 

климат
Фото: Just Stop Oil
Соңғы жаңалықтар