ҚМДБ: Құрбан айт ұлттық нақышпен өтеді

Сонымен қатар, айт күндері мешіт аулаларына арнайы дастархан жайылып, қазақтың ұлттық спорт түрлерінен, мәселен, палуандар күресі, арқан тартыс, гір тасын көтеруден жарыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар тәлім мен тағылымы мол айтыс өнеріне де мән беріліп отыр.
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Мұсылмандардың ұлық мерекесі әрі мемлекеттік мейрам - Құрбан айтты жоғары деңгейде өткізу үшін мешіттер мен арнайы орындарда баннерлер, плакаттар ілінсін; ұлағатты ұрпақ, иманды жастар буынын қалыптастыру үшін ғибратты кештер, мерекелік ойын-сауықтар, арнайы қайырымдылық акциялар ұйымдастырылсын; құрбандық еті мүгедектер, қарттар, жетім мен жесірлерге, мұқтаж жандармен қатар жатақханада тұратын студенттерге де таратылсын; мерекелік іс-шаралар ұлттық нақышпен өткізілсін, уағыздарда ел бірлігі, мұсылмандар ынтымағы, діни тұрақтылық мәселелері қамтылсын», - делінген Бас мүфтидің аймақтағы өкіл имамдарға жолдаған бұйрық-хатында.
Биыл елімізде Құрбан айт мерекесі 15 қазанда атап өтіледі.