ҚМГ-ны қайта құру қызметкерлердің басым бөлігінің еңбекақы мөлшеріне әсер етпейді - С.Мыңбаев (ФОТО)

Бұл туралы ол Атырауда «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының кәсіподақ көшбасшыларымен коорпоративтік кездесу барысында хабарлады.
ҚМГ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев өз сөзінде жоспарланып отырған құрылымдық қайта құру оған жататын кәсіпорындар қызметкерлері көп бөлігінің жалақысының көлеміне әсер етпейтін болатынын қадап айтты. Қызметтің бейім емес түрлерімен айналысатын қызметкерлерді шығарған жағдайда оларға ҚМГ компаниялар тобына кіретін сервистік компаниялардан жұмыс орны берілетін болады. Бұл жағдайда қызметкерлер үшін жалақы, жыл сайынғы еңбек демалысы үшін мамандық және разряд, құқық және еңбек өтілі кепілдіктері, ынталандыру шарттары қарастырылатын болады. Еңбек жағдайы жалақы деңгейі, ынталандыру шарты өзгеріске ұшыраған жағдайда қызметкерлерге өтемақы ұсынылады. Компанияны құрылымдық қайта құру қызметкерлердің санын қысқартуға жол бермейді.
ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин өз сөзінде қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды жасау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының іске кіріскенін хабарлады. Оның құрамына Бас прокуратураның, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ өкілдері кірді. Компанияны қайта құру жөніндегі ҚМГ жоспары үкіметтік деңгейде талқыланды және ерекше бақылауда тұр. Ол жиналғандардың назарын ҚР Үкіметі ұлттық компания алдына өз қызметкерлері алдындағы міндеттемелері мен әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, жалақы деңгейі мен жұмыс жағдайын сақтау, құқықтардың шектелуіне жол бермеу міндетін қойғанын баса айтты.
Белгіленген құрылымдық қайта құру әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия шеңберінде салалық және аймақтық деңгейде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облысы әкімдіктерінің қатысуымен егжей-тегжейлі талқылау жақын арада болады деп күтілуде.
ҚМГ басшысы құрылымдық қайта құру және құжаттамалық тәртіптеме жұмысын жүргізудің толыққанды көрінісі анықталған кезде «Ембімұнайгаз» АҚ кеніштеріндегі, Жаңаөзен қаласындағы, Маңғыстау облысындағы Қаламқас және Қаражанбас кеніштеріндегі еңбек ұжымдарымен кездесулерге жеке өзі баратынын кесіп айтты. Аталмыш шара әрбір еншілес және тәуелді ұйым бойынша алда тұрған құрылымдық қайта құру мәселелерін түсіндіру жұмыстары мен талқылау жөніндегі іс-қимылдың кең ауқымды жоспарының бір бөлігі болып табылады.