Қоғам ана махаббатымен қалыптасады - Н. Әбдібеков (ФОТО)
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Халықаралық 8 наурыз әйелдер күніне арналған қабылдауда көп балалы аналарға өз құрметін білдірді.
«Мен өзім көп балалы отбасыда дүниеге келдім. Жеті баланың бесіншісімін, - деді Н. Әбдібеков. - Балаларды тәрбиелеуде ананың орны ерекше. Оларды аяққа тұрғызу тек аналық махаббатпен жүзеге асады, қоғам солай қалыптасады. Дүниеде ананың балаға деген сүйіспеншілігіне ештеңе жетпейді».
Қабылдауда өңір басшысы көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табыс етті. Олар: Гүлмира Аманжанова, Қаламқас Рахиева, Толқын Сыздықова, Тілеужан Рысжанова, Лейла Эюбова, Қаржыгүл Әлиразахова және Мөлдір Ыбыраева.
Облыс әкімі өзін ерекше қырынан көрсете білген әйелдерге грамоталар мен алғыс хаттар берді.







