Қоғамды, оның санасын оятуда «Қазақ» газетінің жасағаны бүгін де өзекті - О. Асанғазы

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Қоғамды, оның санасын оятуда «Қазақ» газетінің жасағаны бүгін де өзекті.
None
None

Бүгін Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасы мен «Руханият» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қазақ» газетінің 100 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» барысында мәжіліс депутаты Оразкүл Асанғазы осылай мәлім етті.

«Қазақ» газетіндегі мақаласында қайраткер Міржақып Дулатұлы айтқан екен: «Жол ұзақ, ғұмыр қысқа. Ендеше бүгін артылған жүкті қолдан келгенінше атқарып кетейік» деп. Шындығында Алаш зиялылары осы ұлт баспасөзі арқылы көп жүкті арқалады. Қазақтың мәңгілік ел болуын мұрат етті. Ал сол мәңгілік ел идеясы күні кеше Мемлекет басшысының Жолдауына да арқау болды. Бір сөзбен айтқанда Алаш зиялылары өздерінің қысқа ғұмырының әрбір сәтін арнаған мәселелер бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның тағдырына дөп келіп, келешек ұлттың пешенесіне жазылды», - деді О. Асанғазы.

Депутаттың айтуынша, «Қазақ» газеті ұлт мәселесін аршып айтып, оны келешек ұрпақ алдына да қойып кетті.

«Қазір ұлт мәселесін ұлттың санасына жететін деңгейде көтеру де өзекті. Конституциямызда көп дүние жан-жақты қабылданды, заңдар да жазылды. Дегенмен, атқарушылық тұрғыдан алғанда құлықтың болмай жатқанына да назара аударған ләзім. Біздің бақытымыз ұлт мәселесін жетер жеріне көтеріп кеткен «Қазақ» газетінің болғаны. Сол үшін онда қызмет еткен қайраткерлердің аты мәңгі өшпейді», - деді ол.

Сонымен қатар, Оразкүл Асанғазы әлі де атқарылатын шаруаларға тоқтала келе, мемлекеттік тілдің мәртебелік тұрғысында біраз мәселелер болуы тиістігіне назар аудартты. «Қоғамды, оның санасын оятуда «Қазақ» газетінің істегені бүгін де өзекті болып қалып отыр. Біз осындай ұлық істерге де назар аудара алсақ игі еді», - деді депутат.

Соңғы жаңалықтар