17:45, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қоғамдық қабылдау бөлімдерінің қызметі қарқын алуда
АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының қоғамдық қабылдау бөлімдері жоғары мінбер мен халықты жиі, әрі етене байланыстарын негізгі тетікке айналды.

Яғни, Парламент пен жергілікті мәслихат депутаттары апта сайын сайлаушылармен кездесіп, оларды мазалайтын сұрақтарға жауап іздейді. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оксана Петерстің айтуынша, өткен аптада Мәжіліс депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Қылышбай Бисенов пен Қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің мүшесі Аманжан Жамалов қабылдау өткізіп, 2 сағаттың ішінде 17 адаммен тілдесті. Бүгін Мәжіліс депутаты, Экология және табиғат қорғау комитетінің мүшесі Ерболат Әпсалямов сайлашыларымен жүздесті, ал қаңтардың 29-ында аталмыш комитеттің мүшесі Тәңірберген Бердоңғаровтың тұрғындарды қабылдауы жоспарланып отыр.«Қазақстанның әр аймағында қабылдау бөлімдері ашылды. Қазір олардың жалпы саны 200-ге жетеді. Белсенді әрекеттің арқасында Қызылорда облысына қарасты ауылдар мен елді-мекендердің проблемаларын шешу қала әкімшілігінің «Шет аймақ» атты арнайы бағдарламасына енгізілді», - деп атап өтті О.Петерс.