«Қоғамдық келісім» РММ-нің сарапшысына қатысты тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ-нің бас сарапшысына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы AntikorNews бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық келісім» РММ-нің сарапшысына қатысты тергеу басталды

«Ол роликтер шығару бойынша жасалған мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 1 млн теңге сомасында қаражат алды деген күдікке ілінді», - дейді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Бұл іс бойынша күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.