Қоғамдық орынға күйсандық орнатқан кәсіпкер вандалдарға реніш білдірмеді

АСТАНА.ҚазАқпарат - Жерасты өткеліне елордалықтар үшін күйсандық орнатып әлеуметтік желілерде кең танылған кәсіпкер Асхат Солтанов аспапты бүлдірушілерге еш реніш білдірмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Елордалық қарапайым кәсіпкер Асхат қайырымдылық жасап, қала тұрғындары үшін қолжетімді, яғни «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығына қарама-қарсы орналасқан жерасты өткеліне пианино әкеліп қойды.
«Тек біраз адамдардың күйсандықта ойнағаны болмаса, атап айтатындай бүлдіру, қирату әрекеттері болған жоқ. Көпшілік арасында егер әлдене жалпыға ортақ болса, демек ол ешкімдікі емес, оған қалай болса, солай қарауға болады, деген түсінік бар», - деді ол пианиноның сынған пернелері және қақпағының тіреуішіне қарап.
Оның пікірінше, адамдарға сенім артқан жағдайда, ерте ме кеш пе олардың көзқарасы өзгереді. Ал, күйсандық елімізде жаңа таланттардың шығуына себепкер болуына ықпал ететін аспап қана.
Кәсіпкер сондай-ақ, күйсандық қоғамдық орынға қою идеясы қайдан келгендігін де айтып өтті.
«Жұмыстан қолымыз босаған уақытта саяхат жасағанды жақсы көреміз. Әр түрлі елдерде қалалардағы атмосфераны жағымды әрі мәдениетті етіп көрсететін тұстарына жете назар аударатынымыз да рас. Қарапайым саябақта кез-келген адам отырып ойнауға болатын күйсандықтың тұрғаны керемет емес пе?! Немесе жағалауда музыка ойнап тұрады, ересек жұптар сол жерде бас қосып, танго билейді. Біздің елімізде де осыған ұқсас ерекше дүние жасау үнемі ойымда жүрген болатын», - дейді ол.
Солтанов бұл ойларын жасырып қалмай, Фейсбуктегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, ойына алған мақсатына «Астана» әлеуметтік кәсіпкерлер корпорациясы директорының орынбасары Бауыржан Қанкин қолдау білдірген.

Соңғы жаңалықтар