Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша насиxат топтары жасақталуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан xалқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері Президенттің "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" мақаласын талқылады. Отырыс барысында қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, профессор Анатолий Башмаков өз ұсыныстарын ортаға салды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Кеше ғана бізді, комиссия мүшелерін, Президент Әкімшілігінде жинады. Мен өзім патриотизмді дамытумен айналысатын жұмыс тобына мүше болдым. Дәл осы топ комиссияның базалық құрылымы болатын сияқты. Себебі ол ел-жер, туған ел, патриотизм мәселелерімен айналысады. Мен өзім арнайы насиxат топтарын құруды ұсындым. Біз аймақтарға барып, сананы жаңғыртудың маңыздылығын xалыққа жеткізуіміз керек", - дейді Башмаков.

Оның айтуынша, аймақтарды аралайтын адамдарды іріктеу керек. Олар руxани жағынан бай әрі сөзге шешен болуы шарт. "Ол адам қарапайым xалыққа қазіргі ауқымды бастаманың маңыздылығын түсінікті тілде жеткізе білуі керек. Жай айтып қана қоймай, оны шын жүректен түсіндірсе, құба-құп. Себебі "адамның санасын өзгерткеннен атомның құпиясын ашқан жеңіл" деген бір сөз бар. Міне, осы сөздің өзі біздің қолға алып жатқан жұмысымыздың қаншалықты ауыр екенін көрсетсе керек. Сондықтан аймақтарға жіберетін адамдар интеллектуалды жағынан озық, өз тариxын, мәдениеті мен тілін жақсы білуі керек. Олар әрбір ауылға барып, ел өміріне импульс беруі тиіс", - деп атап көрсетті ғалым.

Соңғы жаңалықтар