Қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау үшін өзара түсіністік пен әріптестік туралы меморандумға қол қойылды

АЛМАТЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы бірқатар қоғамдық-саяси ұйымдармен қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау үшін өзара түсіністік пен әріптестік туралы меморандумға қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қаржылық дағдарыс әлемнің барлық елдеріне өз салқынын тигізуде. Әлемдік қауымдастықтың бір бөлшегі ретінде Қазақстан бұдан тыс қалған жоқ. Мұндай жағдайда еліміздегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді, саяси тұрақтылықты сақтау маңызды болып табылады. Біз саяси партиялар мен қоғамдық бірлестік өкілдері саяси көзқарастарымыз бен ұстанымдарымыздың айырмашылығына қарамастан осы меморандумды қабылдаймыз» делінген құжатта. «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы өкілдерінің айтуынша, бұл меморандумды қабылдау қазіргі жағдайда Алматы қаласындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді нығайтуда күш-жігер біріктіру, тұрақсыздыққа әкелетін заңсыз, радикалды іс-әрекеттер мен ұрандарға жол бермей, әлеуметтік мәселелерді шешу, ұлтаралық араздық жанжалдарды болдырмау мақсатында жасалып отыр.Бүгін бұл мақсаттың орындалуына ынта білдіріп, 30-дан астам үкіметтік емес ұйымдар меморандумға қол қойды.
Соңғы жаңалықтар