Көк шай өкпе қатерлі ісігі ауруының қатерін төмендетеді

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - 500 адамның қатысуымен жүргізілген тәжірибенің қорытындысы бойынша ғалымдар көк шай өкпе қатерлі ісігі ауруының қатерін төмендетеді деген қорытындыға келді. Зерттеулердің медициналық есебінде күніне кемі бір шыныаяқ көк шай ішкен адам өкпе қатерлі ісігі ауруының қатерін айтарлықтай төмендететіні айтылған,

Көк шай өкпе қатерлі ісігі ауруының қатерін төмендетеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Тайвань ғалымдарының есебі тыңдалған АҚШ-тағы қатерлі ісікті зерттеу бойынша өткен конференцияда шылым шеккенімен, бірақ күніне бір шыныаяқ көк шай ішкен адамға қарағанда көк шайды мүлдем ішпейтін шылымқорлардың өкпе қатерлі ісігі ауруына ұшырауы 12 есе артық екені аталды.