Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Қоқиқаз-2009» республикалық фестивалі басталды

АСТАНА.  Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат -  Қазақстанда  «Қоқиқаз-2009»    фестивалі басталды.  Бұл    шараны  Ақмола  облысының әкімдігі,   БҰҰ-ның  Қазақстандағы Даму  бағдарламасы,     ҚР Ауыл шаруашылығының   Орман   және  аң  аулау   шаруашылығы     комитеті,   ҚР Қоршаған ортаны  қорғау министрлігі,  Қорғалжын қорығы,  «Табиғат  әлемі»   коммерциялық  емес  мекемесі  және  «Бастау» қоғамдық  бірлестігі    ұйымдастырып  отыр.

«Қоқиқаз-2009»   республикалық фестивалі  басталды


Фестивальдің мақсаты -   мемлекеттік  және   қоғамдық ұйымдардың,     халықаралық   қайырымдылық қорларының  назарын  Теңіз-Қорғалжын    қорығындағы   құстарды сақтау  проблемасына аудару,    табиғатты  қорғау    шараларына  жұртшылықты   жұмылдыру,    Қорғалжын  мемлекеттік  табиғи қорығына  әлем  жұртшылығының   назарын      аудару  және  биотүрлілікті сақтау саласындағы     еларалық  ынтымақтастықты нығайту  болып   табылады.

 Фестиваль  аясында өткізілетін  конкурсқа    Ақмола  облысы  мен  Астана қаласының    орта мектептерінің оқушылары  мен балабақшалардың тәрбиеленушілері,  сондай-ақ  ауылдық және  аудандық әкімдіктер   шақырылуда.  

 Фестиваль туралы   толыққанды мәліметтер   БҰҰ даму бағдарламасының сайтында  -www.undp.org ,  Орман және аң аулау   шаруашылығы  комитетінің   сайтында - www.oopt.kz ,     сулы-батпақты   алқаптарды   сақтау  жобасының сайтында -  www.wetlands.kz -   орналастырылған.